"Дүниежүзілік  Сапа күні-2026"

"Дүниежүзілік  Сапа күні-2026"

фото: Сапалы Қазақстан

2026 жылғы 12 қараша.

Профессор Азат Әбдірахманов,

халықаралық сапа академиясының академигі (АҚШ), сапа менеджменті жүйелерінің халықаралық аудиторы (Франция)

Адамдар өмір сүру сапасын қалай бағалайды?

Көптеген адамдар "өмір сапасы" ұғымын бұқаралық ақпарат құралдарындағы статистикалық көрсеткіштер арқылы емес, материалдық әл-ауқат, жеке жетістік пен қоғамның қауіпсіздігіне қарай бағалайды.  Экономикалық дамыған елде халық сапалы өмірмен қамтамасыз етілуі тиіс деп санайды біраз адам. Қазіргі қоғамда өмір сүру сапасын тек сән-салтанат деп қарамай, мемлекет өз азаматтары үшін сапалы өмір сүруге  жағдай  жасауы керек.

Шынайы өмірде адамдардың тұтынатын тауарлары мен қызмет сапасына көзқарасы бірнеше аспектілерді ескере отырып анықталады.

Баға мен сапа балансы

Тауарды немесе қызметті сатып алғанда адамдар көбінесе тауардың сапасы бағасына сай  болғанын қалайды. Адамдардың түсінігінде жақсы сапалы  тауардың немесе қызметтің құны да қашанда жоғары болады. Егер тұтынушы дұрыс таңдау жасаса бренд үшін артық төлем жасалмайды, ол тауар сапасына қатысты артық сөз айтпайды. Тұтынушылардың мінез-құлқы туралы зерттеулерге сәйкес, көпшілікте тауардың сапасы бағасына сай болу деген түсінік қалыптасқан. Балансты сақтай білу тұтынушының қажеттіліктерін толығымен жабатын және олардың үмітін ақтайтын өнімді табуға мүмкіндік береді.

Тұтынушылардың қалауы неге байланысты?

Адамдардың белгілі бір бөлігі танымал әлемдік брендтердің тауарларын сатып алуға тырысады. Бірақ олардың сапасы мен тұтынушылық сипаттамалары белгісіз брендтердің тауарларымен салыстырғанда әр қашан жоғары болмайды. Сонда да ол адамдар бұрынғы әдеттеріне сүйеніп, әлде өз имиджін сақтауға тырысып, "бренд" өнімдерін қалап алады. Бұл жерде тауардың немесе  өнімнің бағасы туралы мәселе жетекші рөл атқармайды.

Енді бір адамдар үшін сапалы заттарды пайдалану оларға ұнайды, бұл олардың өзін-өзі бағалауы мен өмірге қанағаттану деңгейін арттырады. Әрине, бұндай мінез-құлық ол адамдардың материалдық әл-ауқаты жақсы болған кезде мүмкін болатын жағдай.

Сонымен қатар, тұтынушылардың белгілі бір бөлігі саналы түрде арзан тауарларды таңдайды. Олардың сапасы төмен, бұл заттарды қысқа мерзімге қолдануға алады. Жаңа  ұқсас  тауарлармен қажет болса алмастыра алады деп санайды. Сонымен қатар, олар өз бюджетіне ұтымды көзқарасты басшылыққа алады. Мұндай адамдар таңдаған тауарының имидждік аспектісіне онша мән бермейді.

Тауардың бағасы мен сапасы балансынан басқа, тапсырыс берудің ыңғайлылығы, тауардың төлем шарттары, уақтылы жеткізу, сондай-ақ ұзақ мерзімді сапа кепілдігі және т.б. сияқты байланысты қызметтердің болуын іздеуге тырысатын тұтынушылар тобы бар.

Тұтынушы сенімі

Егер адамның күнделікті өміріндегі өнім мен қызмет тұрақты жоғары сапаны көрсетсе, адам осы тауарлар мен қызметтердің нақты брендтері мен жеткізушілеріне сенімі қалыптасады. Мұндай тауарлар мен қызметтерге  тұтынушы қайта-қайта оралуға тырысады. Тұтынушының бұл мінез-құлқы оның қанағаттануы ретінде сипатталады. Көптеген тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер нарықта бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге тырысып, оларды сауалнаманың әртүрлі формаларына тарту арқылы тұтынушыларымен кері байланыс орнатады.

Сапа-ұзақ мерзімді перспектива

Көптеген адамдар сапалы затты  ұзақ қолдануға болатынын, жөндеуді немесе ауыстыруды қажет етпейтінін, ақша мен уақытты үнемдейтінін түсінеді. Осыған байланысты тұтынушы үшін тауарға ұзақ мерзімді кепілдік берілуі өте маңызды. Кепілдік неғұрлым ұзақ мерзімге берілсе, тұтынушының бұл өнімге деген сенімі соғұрлым жоғары болады.

Қазіргі заманғы сапа туралы түсінік

Тауар мен қызметтің сапасы тек бірнеше тұтынушылық сипаттамалармен шектелмейді. Мысалы өнімнің сапасы көбінесе сыртқы дизайнмен, қолданудың қарапайымдылығымен, қауіпсіздігімен және сенімділігімен және белгілі бір өнімнің техникалық стандарттардың талаптарына сәйкес келуімен қамтамасыз етіледі. Ал заттардың тұтынушылық қасиеттері  тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келмеуі мүмкін. Баға мен сапаның және онымен байланысты қызметтің дұрыс болуы тұтынушы ренішін туғызбайды. Тауардың қайтарылуы немесе оның орнына жаңа тауар алдырту, ауыстыру, жөндеу, әлде өзге шығындарды болдыртпайды.

"Өмір сапасы"дегеніміз не?

Өмір сапасы-бұл адамның материалдық, моральдық, әлеуметтік, мәдени және құқықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру көрсеткіштерін, сондай-ақ оның өз әл-ауқатын жеке қабылдауын қамтитын күрделі түсінік. "Өмір сапасы" ұғымымен адам өзін қаншалықты бақытты, дені сау, жеке өмірінің жағдайы, жұмысы және күнделікті өмірдегі жайлылыққа ризашылығынан байқалады.

Қорытынды:

Адамдардың өз өмірінің сапасын қабылдауы көбінесе субъективті болып табылады. Бір адам үшін сапа — ол сатып алған тауарлардың сыртқы тартымдылығы мен пайдалы қасиеттері, сондай — ақ олардың құны болуы мүмкін. Екіншісі үшін - заттардың беріктігі мен сенімділігі. Үшіншісі үшін-мінсіз қызмет көрсету, жеткізу шарттары және ұзақ мерзімді кепілдік. Төртіншісі үшін-өмір сүру үшін қолайлы жағдайлар. Өмір сүру құны мен сапасының қанағаттанарлық тепе-теңдігі - бұл инвестицияланған қаражаттың  адамның күткеніне қаншалықты сәйкес келетінін анықтайтын саналы таңдаудың негізгі критерийі.

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Другие записи блога

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите