Өмір сапасының өзегі болған «Сапалы Қазақстан». "Сапалы Қазақстанға" 5 жыл

Өмір сапасының өзегі болған «Сапалы Қазақстан». "Сапалы Қазақстанға" 5 жыл

фото: Сапалы Қазақстан

Портал тарихы

Портал ашылғанға дейін республикалық "Сапа әлемі" газеті 20 жыл бойы (2002-2021) үздіксіз жарық көрді. Газет мемлекеттік басқару органдарының өкілдеріне, ұлттық компаниялар, білім беру және денсаулық сақтау жүйесі мекемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы секторы басшыларына сапа менеджменті тұжырымдамасын насихаттауда маңызды рөл атқарды. Бұқаралық  басылым өмір сапасының негізгі мәселелерін және экономикалық табысқа жету әдістерін түсіндіруге бағытталды. Шетелдік және қазақстандық белгілі мамандар мен ғалымдардың авторлық мақалалары оқырмандардың қызығушылығын тудырды. Басылымның белгілі бір бөлігі АҚШ, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур сияқты өркендеген елдердегі сапа менеджменті теориясының даму тарихына арналды.

Газет өзінің жүздеген оқырмандарына еркін таратылды. Сонымен қатар ірі, орта кәсіпорындар мен өнеркәсіптік және аграрлық өндіріс ұйымдарына, көлік және коммуникация жүйелеріне жеткізілді.

Газет бетінде Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымының (бұдан әрі - КОКИМ) қызметі үнемі жарияланып отырды. Сол жылдары Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымы өмір сапасы, қоршаған орта, өндірістік қауіпсіздік және энергия үнемдеу мәселелеріне арналған 30-дан астам халықаралық конференция мен форумдар ұйымдастырып өткізді. Қауымдастық 2006-2011 жылдар аралығында  Жапонияда (Toyota, Nissan, Panasonic, Mitsubishi және т. б.), Сингапурда (Сингапурдың ұлттық газ тарату компаниясы), Қытайда (Шанхай мұнай өңдеу зауыты, Гонконг технопаркі және т. б.) жалпы сапа менеджментінің қағидаттары мен практикалық жетістіктерімен танысу үшін 300-ден астам қазақстандық басшылардың сапарларын ұйымдастырды. Олар сапар барысында Малайзия ("Petronas" ұлттық мұнай компаниясы, Куала Лумпур технопаркі, университеттер), Таиланд (ұлттық логистикалық компания), Италия (Ferrari, Lamborghini автомобиль зауыттары және т. б.), Франция (Халықаралық Компьен университеті) елдеріндегі өндіріс орындарының жетістіктерімен танысты.

 Портал концепциясы

1. Жобаның жалпы ережелері мен мақсаттары

2002 жылы ашылған "Сапа әлемі" республикалық газеті заман талабына сай жаңарып 2021 жылы  «Сапалы Қазақстан» порталына айналды. Мұндағы мақсат  мемлекеттік басқару органдарының, сондай-ақ бизнес-құрылымдарының қызметінде сапа менеджментінің қазіргі заманғы әдіснамаларын енгізе отырып, Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына жәрдемдесуге ұмтылу болды. Мерзімдік басылымнан басталған әлемдік үздік тәжірибені еліміздің мамандары мен тұрғындары арасында насихаттау идеясы кейіннен порталда жалғасын тапты. Басқару жүйелерінің сапасы мен тиімділігін арттыру идеялары белсенді түрде жарияланып келеді.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде сенсациялық материалдармен оқырмандар санын көбейтуге тырысатын интернет-ресурстар өте көп. Кейбір интернет-арналар саяси мәселелерге немесе әртүрлі дау-жанжалды қамтуға арналған. Ал біреулері аспаздық рецепттерді немесе бақша құпияларын жариялайды.

"Сапалы Қазақстан" порталы бірегей бағытты таңдады. Мемлекеттік басқару жүйесі өкілдері, кәсіпкерлер мен тұрғындарға сапалы өмірді  таңдау туралы түсінік қалыптастыруды  қолға алды. Әрине, редакция өз мақсатын нақтылай отырып, бұл жол оңай болмайтынын ескере отырып,  5 жылдық тарихи кезеңді артта қалдырды.

Порталды дамытудағы негізгі ұстанымдар:

Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарында ҚР Үкіметі, салалық және аумақтық басқару органдары отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған көптеген бағдарламалар, жоспарлар әзірледі. Алайда, бұл құжаттар қысқа мерзімді кезеңге есептелген. Сондықтан қазақстандық тауарлар мен қызметтер бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде нақты нәтижелерге қол жеткізе алмай келеді.

Аталған бағдарламалар мен жоспарлар өнеркәсіп салаларын, ұлттық компанияларды және әлеуметтік саланы басқару әдістерінде нақты өзгерістерге қол жеткізген жоқ. Өкінішке қарай, кәсіпорындар мен ұйымдар басқару сапасының мәселелерін шешуге бет бұрған жоқ. Атап айтқанда, қазақстандық компаниялардың көпшілігінде САПАНЫҢ корпооративтік мәдениеті қалыптаспағаны көрінеді.  Сапа саласындағы өз стратегиялары, саясаты мен мақсаттары бекітілмеген.

Мұндай көпжылдық белгісіздіктің салдары мынадай нәтижелерге әкелді

Аудиторияның көпшілігінде аталған тақырыпқа, яғни өнімнің, қызметтердің сапасына және жалпы өмір сапасына түбегейлі қызығушылық қалыптаспады.

Портал оқырмандары "сапа" санатын тек "тұрмыстық" деңгейде  қабылдады. Адам өзге тіршілік иесінен ең алдымен сезімталдық қасиетімен ерекшеленеді.  Ол өмір сүру үшін  әдемі, дәмді, ыңғайлы секілід барлық нәрсенің жақсы жағын таңдайды.

Аудиторияның кейбір бөлігі "сапа мәдениетін" түсінгенімен, бала кезінен оның бойында "сапалы" менталитет қалыптаспаған.

Адамдардың сапа категориясы тек материалдық аспектілерден тұрмайды. Мысалы адамның адамгершілік қасиеттері, отбасындағы жағымды қарым-қатынастың маңызы, жақындарына мейірім мен махаббаты, көңіл-күйі, өмір сапасын жақсартуға негіз бола алатын оптимистік қадамдар.

Жастар кәсіби білім алуға, еңбекке жан-жақты араласуға аса ынта танытпайтыны байқалады.

Қоғамда осындай көріністерден "сапа культі" қалыптаспағаны көрінеді. Адам өмірі мен  оның еңбекке белсенділігіне де заңның үстемдігі қажет секілді.

2. Порталдың мақсатты аудиториясы

Жас топтары бойынша сегменттеу:

18 жасқа толмаған-7,4%

18-24 жас-7,4%

25-34 жас - 17,6%

35-44 жас - 21,3%

45-54 жас - 20,2%

55 жастан асқан-25,4%

Осы сегменттеуден көріп отырғанымыздай, егде жастағы адамдар сапа мәселесіне көбірек қызығушылық танытады.

3. Порталдың жетістіктері

Осы 5 жыл ішінде біздің портал тұрақты қаралым санын арттырды (күніне 1200-ден астам). Әрине, бұл күніне ондаған мың қаралымы бар әлеуметтік медиа арналармен салыстырғанда аз. Оқырман аудиториясы ойын-сауық сипатындағы жеңіл хабарламаларға көбірек назар аударатыны белгілі. Ал маңызды материалдарға, салмақты мақалаға көп қызығушылық таныта бермейді. Ал біздің порталда кәсіби деңгейі жоғары, мән-мазмұны   бар,  дүниетанымы кең, терең мағыналы мақалалар жарияланады. Әрине, біздің порталдың оқырмандарының да талғам деңгейі жоғары. Портал негізінен өмір сапасына қатысты мақалалар мен бейнематериалдар жариялайды.  Басқару мәселелері қаржы секторы, өнеркәсіптік және аграрлық өндіріс, энергетика, көлік және коммуникация, инновациялық технологиялар, инфляция және тағы да басқа тақырыптарды қамтитын сараптамалық мақалалар жарық көріп тұрады.

Әлеуметтік саланың даму деңгейі мен проблемалары (білім беру, денсаулық сақтау, медициналық сақтандыру) жаңа заман талаптарынан едәуір артта қалып отырған өзекті тақырыптардың бірі.

Батыс құндылықтарын насихаттау жағдайында ұлттық құндылықтардың аяқ асты болуы, құнсыздануы мәселесі де назардан тыс қалмайды. Бұлай жалғаса берсе халықтың өмір сүру сапасы төмендеп, қазақы мәдениеттің құрдымға кетуі де ғажап емес.

Цифрлы бағдарламалар аясында адамның жеке өміріне залал келмеуі керек. Спорт және салауатты өмір салты жалғасын табуы тиіс дүниелердің бірі.

Елдің урбанизация жағдайы, туризм саласы, қоршаған ортаны қорғау, жасыл  экономиканы сақтау күн тәртібінен түспейтін мәселелердің бірі.

Қазіргі заманауи тенденцияның адамның әлеуметтік мінез-құлқына әсері, фаст-фуд, темекі шегу, алкоголь, есірткі, татуировка және тағы басқа дүниелердің қоғам өміріне әсері де портал назарынан тыс қалған жоқ.

Адамгершілік пен этика, сондай-ақ отбасылық қатынастар мәселесі алдыңғы орында қала бермек.

Халықаралық оқиғалар, өңірлік қақтығыстар, көші-қон процестері де үнемі бақылауда болып, уақытында жарияланып тұрады.

4. Ақпарат көздері

Портал тілшілерінің авторлық мақалалары, мамандардың сараптамалық пікірлері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ халықтың түрлі топтары өкілдері ұсынған маңызды ақпараттары порталда тұрақты түрде жарияланады.

5. Редакция саясаты

Оқиғаларды сипаттаудағы толық тәуелсіздік пен еркіндік, материалдардың бірегейлігі ескеріледі.

6. Порталдың негізгі бөлімдері

Жаңалықтар лентасы (халықаралық, аймақтық);

Мемлекет;

Экономика;

Білім;

Денсаулық сақтау;

Спорт;

Ойын-сауық және бос уақыт;

Шынайы өмір

7. Кері байланыс тәртібі

Мемлекеттік органдар мен ғылыми мекемелер өкілдерінің, тәуелсіз сарапшылардың, портал оқырмандарының пікірлері, қоғамдық пікір сауалнама арқылы әлеуметтік желідегі рейтингпен бағаланады.

 8. Таралым және маркетинг

SEO-оңтайландыру, контекстік жарнама, әлеуметтік медиа.

Email электрондық поштасы - әлеуметтік желілердегі жарнамалар арқылы жүзеге асады.

Порталды дамыту үшін оны әрлеу, дизайн жетілдіру, тестілеу және жарияланымдарды іске қосу арқылы көрнекілеу жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Ресурстық қамтамасыз ету жұмысымен жоғары білікті мамандар тобы (журналистер, әрлеушілер, талдаушылар, жарияланым авторлары, маркетологтар) айналысады.

9. Әлеуметтік медиа

Порталдың өзінің YouTube арнасы  жұмыс істеп тұр. (standard.kz)

Instagram, facebook әлеуметтік желілері арқылы портал жұмысы таныстырылады.

10. Даму болашағы

Редакция жарияланатын материалдардың жеделдігін арттыру мақсатында мемлекеттік басқару органдары, ұлттық компания баспасөз қызметтерімен ынтымақтастық орнатуды бір жолға қойған.

Қазақстандық бизнес көшбасшылары жетістіктерімен портал оқырмандарын ақпараттандыру мақсатында бизнес-қоғамдастықпен ынтымақтастыққа көп көңіл бөлінеді.

Тәуелсіз авторларды порталға тарту, авторлар желісін қалыптастыру жүзеге асырылып келеді.

Алыс-жақын шет елдердің өмір сүру сапасы, олардың жетістіктері мен тәжірибелері тұрақты түрде жарияланып отыр.

Портал редакциясы өмір сапасына, ұлттық құндылықтарға, моральдық нормаларға, дәстүрлер мен мәдениетке қатысты тақырыптарды қамту арқылы оқырмандар  аудиториясын кеңейтуге тырысып келеді.

Редакция бұдан былай да салауатты өмір салтын, дәстүрлі отбасылық қатынастарды, ағайын-туыс арасындағы сыйластықты насихаттауға ұмтыла береді.

 

Ізгі ниетпен, 

Азат Әбдрахманов -  ғылым докторы, 

Халықаралық Сапа Академиясының академигі, 

«Сапалы Қазақстан» порталының бас редакторы.

 

Другие записи блога

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите