Қазақстанда неге жүкті әйелдерге вакцина салуға рұқсат берілмей отыр?
Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, академик Вячаслав Локшин жүктілікті жоспарлап жүргендерге және экстрокорпоральді ұрықтандыруға дайындалып жатқандарға вакцина салу мәселесін былай түсіндіреді: "Егер жүктілік жоспарланса, онда вакцинаны сол жүктілікке дейін салдырған дұрыс. Осылайша, өзіңізді қорғай аласыз. Алайда жүкті әйелдердің көбісі жас. Олардың басым бөлігі коронавирусқа шалдықса да, қатты ауырмайды. Дегенмен пневмония қосылса, денсаулыққа ауыр болады. Қауіп-қатерлер де жоқ емес. Сондықтан вакцинация – бұл ауырмаудың жалғыз жолы. Толығымен қорғай алмаса да, ауыр салдарын төмендетеді"
Чтобы оставить комментарий
зарегистрируйтесь
или
войдите