Қазақстанда неге жүкті әйелдерге вакцина салуға рұқсат берілмей отыр?

Қазақстанда неге жүкті әйелдерге вакцина салуға рұқсат берілмей отыр?

 Бұл сұраққа Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн-брифинг барысында жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.

Табынбаевтың айтуынша, жүкті әйелдерге вакцина салу туралы бұйрық келмеген.

"Ресейде жүкті әйелдерге вакцина салуға рұқсат берілді деген хабар келді, бірақ біздің Денсаулық сақтау министрлігімізден Қазақстанда да жүкті әйелдерге салуға болады деген бұйрықты алған жоқпыз. Ол әлі зерттеліп жатыр", - деді Табынбаев.

Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, академик Вячаслав Локшин жүктілікті жоспарлап жүргендерге және экстрокорпоральді ұрықтандыруға дайындалып жатқандарға вакцина салу мәселесін былай  түсіндіреді: "Егер жүктілік жоспарланса, онда вакцинаны сол жүктілікке дейін салдырған дұрыс. Осылайша, өзіңізді қорғай аласыз. Алайда жүкті әйелдердің көбісі жас. Олардың басым бөлігі коронавирусқа шалдықса да, қатты ауырмайды. Дегенмен пневмония қосылса, денсаулыққа ауыр болады. Қауіп-қатерлер де жоқ емес. Сондықтан вакцинация – бұл ауырмаудың жалғыз жолы. Толығымен қорғай алмаса да, ауыр салдарын төмендетеді"

Еске салайық, бұған дейін Ресейде аяғы ауыр әйелдерге вакцина салына бастайтыны хабарланған болатын.