Дәрігерлер нейрохирургиялық отаны жаңа жабдық көмегімен жасауға көшкен

Дәрігерлер нейрохирургиялық отаны жаңа жабдық көмегімен жасауға көшкен

фото: pixabay.com

Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында 2026 жылдың басынан бері операциялық микроскоп пен нейромониторинг жүйесін қолдану арқылы 500-ден астам нейрохирургиялық ота жасалды, деп жазды "Сапалы Қазақстан" порталы.

 Заманауи жабдықтар дәрігерлерге күрделі оталарды жоғары дәлдікпен орындауға және жүйке құрылымдарының зақымдану қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Аурухана мамандары аталған технологияны жұлын мен омыртқа ісіктерін алып тастау, сондай-ақ омыртқа ауруларын емдеу кезінде қолданады.

Соның бір мысалы жұлын ісігін алып тастау отасы. Оны нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Алматов жүргізді. Микроскоп пен нейромониторинг жүйесін қолданудың арқасында дәрігерлер ота барысында жүйке жолдарының жағдайын бақылап, ісікті толық алып тастай алды.

Отадан кейін науқастың жағдайы жақсарған. Емдеу курсы аяқталған соң ол ауруханадан шығарылды.

Заманауи жабдықтарды қолдану Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасы нейрохирургтерінің мүмкіндігін кеңейтіп, жүйке жүйесінің қызметін барынша сақтай отырып, күрделі ота жасауға жол ашып отыр.

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите