Алматылықтар мен қала қонақтарын белгілі жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және Платиналы "Тарлан" сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Исабеков әлемі» атты ІІ халықаралық театр фестиваліне шақырамыз.
Фестиваль шымылдығы «Алматы театры» сахнасында (Әл-Фараби-Назарбаев көшелерінің қиылысы) «Бөрте» қойылымымен ашылады. Тарихи туынды әлемді жаулаған Шыңғыс ханның жары, қазақ қызы Бөрте өмірін суреттейді.
Фестиваль бағдарламасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар. https://standard.kz/kz/post/isabekov-alemi-ii-xalyqaralyq-teatr-festivali-almatyda-13-qazanda-asylady.
«Исабеков әлемі» фестиваліне алыс-жақын шетелдерден үш, Қазақстаннан үш театр қатысады. Бір автордың пьесалары сахналанатын бұл фестиваль мәдени, рухани өмірімізде алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз.
Осынау мәдени шараның алдында мерейтой иесімен сұхбаттасқан едік.