Менің екі өмірім бар. Дулат Исабеков

Менің екі өмірім бар. Дулат Исабеков

Алматылықтар мен қала қонақтарын белгілі жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және  Платиналы "Тарлан" сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтің 80 жылдық мерейтойына арналған  «Исабеков әлемі» атты ІІ халықаралық театр фестиваліне шақырамыз.

Фестиваль шымылдығы «Алматы театры» сахнасында (Әл-Фараби-Назарбаев көшелерінің қиылысы) «Бөрте» қойылымымен ашылады. Тарихи туынды әлемді жаулаған Шыңғыс ханның жары, қазақ қызы Бөрте өмірін суреттейді.  

Фестиваль бағдарламасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар. https://standard.kz/kz/post/isabekov-alemi-ii-xalyqaralyq-teatr-festivali-almatyda-13-qazanda-asylady.

«Исабеков әлемі» фестиваліне алыс-жақын шетелдерден үш, Қазақстаннан үш театр қатысады. Бір автордың пьесалары сахналанатын бұл фестиваль мәдени, рухани өмірімізде алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз.

Осынау мәдени шараның алдында мерейтой иесімен сұхбаттасқан едік.