
Қазақ ағартушысы, ғалым, ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
Жиында жыл басынан бері мерейтойды өткізу аясында бірқатар маңызды ғылыми-зерттеу, ағартушылық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілгені атап өтілді.
Алматыда ғалымға ескерткіш орнату жоспарланған.
Оның 12 томдық толық шығармалар жинағы басылымға дайындалып жатыр.
ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде және ТҮРКСОЙ аясында іс-шаралар өткізу көзделген.
ТҮРКСОЙ ұйымы жыл сайын көрнекті түркітанушы ғалымдарға берілетін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгі тағайындау туралы шешім қабылдады.
Aғартушының Қостанай облысындағы туған жерінде ғылыми-реставрация жұмыстары ұйымдастырылып қана қоймай, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатыр.
Фото: maps.resurs.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через