Еуропалықтарға 3 күнге жететін азық-түлік пен су жинау ұсынылды

Еуропалықтарға 3 күнге жететін азық-түлік пен су жинау ұсынылды

фото: Артем Геодакян/ТАСС/РБК

Anadolu агенттігінің жазуынша, ұйым халықты төтенше жағдайларға дайындау жөніндегі нұсқаулығын жария еткен.

Құжатта дағдарыс басталған алғашқы 3 тәулікте азаматтардың өз қажеттіліктерін өтеуіне мүмкіндік беретін негізгі заттар мен құралдарды алдын ала дайындау ұсынылған.

Жаңа нұсқаулықты Еуропалық комиссияның теңдік, дағдарысқа дайындық және дағдарысты басқару мәселелеріне жауапты мүшесі Хаджа Лахбиб Брюссельде өткен Азаматтық қорғаныс жөніндегі тоғызыншы Еуропалық форумда таныстырып өтті.

Шыны керек, кейінгі уақытта Еуропада күрделі дағдарыстар жиілеп кетті. Сол себепті, тұрғындардың ықтимал төтенше жағдайларға дайындығын арттырған жөн.

Ұсынымдарға сай, азаматтар дағдарыс басталғаннан соң мемлекеттік көмек жеткенге дейінгі алғашқы 72 сағатта негізгі қажеттіліктерін өз бетінше өтеуге жететін азық-түлік пен қажетті заттардың қорын алдын ала әзірлеуі тиіс.

Мұнан өзге, Еуропалық комиссия мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бағдарламаларына төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібін үйрететін сабақтарды енгізуді ұсынады.

Халықты ақпараттандыру да маңызды саналады. Билік өкілдері төтенше жағдайға дейін, уақытында және одан кейін азаматтарды сенімді ақпарат беруі керек.

Сонымен қатар, 2027 жылдан бастап жыл сайын 23 қазанды Еуроодақтың дағдарысқа дайындық күні ретінде атап өту ұсынылып отыр.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите