Жұмыс іздеген жанға - жаңа мүмкіндік

Жұмыс іздеген жанға - жаңа мүмкіндік

фото: www.facebook.com

       Енді жұмыс іздеушілерге лайықты қызметті табуға көбірек мүмкіндік берілмек. Мансап орталығы мамандары азаматтың білімі, еңбек өтілі мен кәсіби дағдыларын саралап, соған сәйкес бос жұмыс орындарын ұсынады. Қажет болса, жұмыс берушілермен тікелей байланысып, қолайлы қызметті табуға көмектеседі.

       Жұмыс іздеушіге лайық бос орын 13 күн мерзім аяқталғанға дейін табылса, белгіленген кезеңнің соңын күтудің қажеті жоқ. Жұмысқа орналасу процесі ұсынылған жұмысқа байланысты жалғаса береді.

       Азаматтарға жұмыспен қамтудың басқа да шаралары ұсынылуы мүмкін. Олардың қатарында кәсіптік оқуға қатысу, субсидияланатын жұмыс орындарына орналасу және еңбек нарығына қайта қосылуға бағытталған өзге де қолдау түрлері бар.

       Жұмыс іздеу үшін ең алдымен азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелуі қажет. Мұны тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына жүгіну арқылы немесе электрон түрде eGov порталы мен электрон еңбек биржасы – Enbek.kz арқылы жасауға болады.

       Жаңа тәртіптің негізгі мақсаты – жұмыс іздеушінің білімі мен тәжірибесіне сәйкес келетін жұмыс орнын анықтауға көбірек уақыт бөлу және жұмыспен қамту бойынша көрсетілетін қолдауды нақтылау.

       

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите