Сарапшылар ипотекаға алған пәтерді жалға беруге бола ма, ол үшін банктің рұқсаты қажет пе және банкке ескертпей баспананы жалға берген қарыз алушыға қандай шара қолданылуы мүмкін деген сұрақтарға жауап берді.
Ипотекаға алған пәтерді жалға беруге бола ма?
Иә, болады. Бірақ пәтер банктің кепілінде тұрған кезде меншік иесі ипотека шартының талаптарын сақтауы керек.
Егер шартта немесе заңда басқа талап болмаса, кепілге қойылған баспананы банк келісімімен жалға беруге болады. Бұл ереже Азаматтық кодекстің 315-бабының 2-тармағында жазылған.
Кепіл беруші — ипотека рәсімдеген пәтер иесі. Кепіл ұстаушы — пәтерді кепілге алған банк.
- пәтерді жалға беруге болмайды;
- пәтерді тек банктің келісімімен жалға беруге болады;
- рұқсат алмай-ақ жалға беруге болады.
Шартта тікелей тыйым немесе банктің келісімін алу туралы талап болмаса, бұл рұқсат қажет емес дегенді білдірмейді. Сондықтан пәтерді жалға бермес бұрын осы мәселені банктен нақтылап алған жөн.
Банктің рұқсатын қалай алуға болады?
Банк бөлімшесіне барып, еркін формада өтініш жазу керек. Онда өз дерегіңізді, қарыз және кепіл шарттарының нөмірлерін жазу қажет.
Кейбір банктің мобильді қосымшасы арқылы да келісім алуға болады.
Банк 15 жұмыс күні ішінде жазбаша рұқсат береді немесе бас тарту себебін көрсетеді.
Пәтерді рұқсатсыз жалға берсе не болады?
Егер шарт бойынша банктің келісімі қажет болса, ал меншік иесі пәтерді онсыз жалға берсе, бұл кепіл шартын бұзу болады.
Мысалы, банк баспананы келісімсіз жалға бергені үшін кепіл құнының 1-2%-ы мөлшерінде айыппұл салуы мүмкін. Айыппұл мөлшері шартта көрсетілуге тиіс.
https://almaty.tv/kz/