Ғасырлар үні: киіз бен кенеп. Шығармашылық бірлескен көрме

Ғасырлар үні: киіз бен кенеп. Шығармашылық бірлескен көрме

фото: Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі

2026 жылдың 7 қазан күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында қылқалам шеберлері, суретші-ұстаздар Жұмашева Жазира мен Әбілхай Әселдің «Ғасырлар үні: киіз бен кенеп» атты шығармашылық бірлескен көрмесі ашылады, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы. 

Өнер – уақыт пен кеңістікті жалғап, халықтың тарихи жадын, дүниетанымын және рухани тәжірибесін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін ерекше мәдени құбылыс. Өнердің осы сабақтастық сипаты дәстүрлі көркемдік тәжірибенің жаңа заманның эстетикалық талаптарымен тоғысуынан айқын көрінеді.

«Ғасырлар үні: киіз бен кенеп» бірлескен шығармашылық көрмесі ұлттық мәдениеттің көркемдік негіздерін заманауи шығармашылық ізденістермен сабақтастыра отырып, дәстүр мен бүгінгі көркем ойдың өзара үндестігін ұсынады. Экспозицияға Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелері, кәсіби суретшілер Жазира Жұмашева мен Әсел Әбілхайдың шығармалары қойылады. Екі автордың көркемдік тілі мен шығармашылық мәнері өзіндік ерекшелігімен дараланғанымен, олардың туындыларын ұлттық мәдениетке, табиғат пен кеңістік ұғымына, дәстүрлі дүниетанымға деген ортақ қызығушылық біріктіреді. Суретшілер шығармашылығында ұлттық көркемдік тәжірибе дайын үлгі ретінде қайталанбай, қазіргі эстетикалық пайым мен авторлық ізденіс арқылы жаңаша сипат алады.

Көрме атауындағы киіз бен кенеп – дәстүрлі мәдениет пен кәсіби бейнелеу өнерінің көркемдік мүмкіндіктерін тоғыстыратын негізгі ұғымдар. 

 

Киіз қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігімен, табиғи ортамен етене байланысқан дәстүрлі материалдық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі болса, кенеп – кәсіби бейнелеу өнерінің қалыптасқан көркемдік негіздерінің бірі. Осы материалдардың көркемдік кеңістікте қатар ұсынылуы дәстүрлі өнер тәжірибесі мен заманауи шығармашылық ізденістің сабақтастығын айқындай түседі.

Бұл көрмеде дәстүрлі қолөнер материалдары (киіз, жіп, мата) мен заманауи кескіндеме тәсілдері бір-бірін толықтыра отырып, абстракция арқылы философиялық мәнін ашуға бағытталған. Көркем шығармаларында табиғат пен дала кеңістігі нақты көріністі қайталау арқылы емес, түс, пішін, сызық, ырғақ және фактураның өзара байланысы арқылы пайымдалады. Авторлар бейнені шартты түрде жинақтап, оның сыртқы сипатынан гөрі ішкі әсеріне, эмоционалдық және пластикалық мазмұнына басымдық береді. Осы арқылы көркем кеңістікте қозғалыс пен тыныштық, жинақылық пен еркіндік, тұтастық пен ырғақ секілді ұғымдар өзара үйлесім табады.

Суретшілердің шығармашылық ізденістерінде қазақтың дәстүрлі дүниетанымына тән табиғатпен үйлесім, кеңістікті тұтас қабылдау, ырғақ пен тепе-теңдік, материалдық және рухани әлемнің сабақтастығы сияқты ұғымдар заманауи көркемдік сипатта көрініс тауып, уақытпен бірге түрленіп, жаңа көркемдік мазмұнға ие болатын тірі мәдени құбылыс ретінде танылады.

Киіз бен кесте секілді дәстүрлі материалдардың қазіргі шығармашылық тәжірибеде қолданылуы олардың қолөнерге тән ерекшелігін сақтай жаңа эстетикалық мәнге ие болатынын көрсетеді. Материалдың табиғи қасиеті мен авторлық көркемдік ойдың сабақтасуы шығармалардың өзіндік пластикалық тілін қалыптастырады.

«Ғасырлар үні» ұғымы халық жадында сақталған мәдени тәжірибе мен көркемдік дәстүрдің бүгінгі өнердегі жаңғырығын білдіреді. Бұл үн киіздің табиғи фактурасынан, кесте тігістерінің ырғақтық құрылымынан, кескіндемедегі түс пен сызықтың қозғалысынан, пішін мен кеңістіктің өзара үйлесімінен көрініс табады. Ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік тәжірибе қазіргі суретшілердің шығармашылық тілінде жаңғырып, дәстүрлі мәдениеттің жаңа эстетикалық кеңістікте қайта пайымдалуына мүмкіндік береді.

«Ғасырлар үні: киіз бен кенеп» – Жазира Жұмашева мен Әсел Әбілхайдың өзіндік шығармашылық ізденістерін бір көркемдік кеңістікте тоғыстыратын бірлескен шығармашылық көрме. Авторлар әртүрлі материал, техника және пластикалық шешім арқылы ұлттық болмыстың, табиғат пен кеңістіктің сан қырлы сипатын ашады. Олардың шығармалары бірін-бірі қайталамай, керісінше, әртүрлі көркемдік 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите