Батыр рухы сахна төрінде

Батыр рухы сахна төрінде

фото: kaz.inform.kz

       7–8 желтоқсанда Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Момышұлы» деректі драмасының премьерасы өтеді. Қойылым батырдың өмір жолын ғана емес, оның ішкі әлемі мен азаматтық ұстанымын ашуға бағытталған.

       Спектакльдің оқиғасы қарт Бауыржан мен жас журналистің сұхбаты негізінде өрбиді. Үш буынның көзқарасы тоғысатын туындыда батырдың өміріне қатысты бұрын жарияланбаған деректер көрерменге ұсынылмақ. Осы арқылы ел қорғаған ердің тұлғалық болмысы мен өмірлік ұстанымы сахнада көрініс табады.

       Деректі драманың сценарийін Назгүл Сарыбай жазған, қоюшы режиссері – Жұлдызбек Жұманбай. Бауыржан Момышұлының бейнесін Бақыт Бақтанұлы мен Бауыржан Ескожанұлы сомдайды. Айта кетейік, батырдың 115 жылдығына орай өткен жылы Орталық мемлекеттік архивте оның өмірі мен қызметіне қатысты бұрын белгісіз болған құжаттар да көпшілік назарына ұсынылған еді. Ал жаңа қойылым тарихи тұлғаның рухани мұрасын театр тілімен танытуға жол ашады.

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите