Қазақ мифтері кенеп пен мүсінге көшті

Қазақ мифтері кенеп пен мүсінге көшті

фото: almalife.kz

       Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде суретші әрі мүсінші Асқар Есдәулеттің жеке көрмесі ашылды. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі өз шығармаларында көне түркі-сақ дәуірінің мұрасын, қазақтың байырғы дүниетанымы мен ұлттық болмысын заманауи өнер тілімен ұштастырған.

       Экспозициядан халқымыздың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, аңыздары мен мифологиялық танымын арқау еткен туындыларды көруге болады. Кескіндеме мен мүсін өнерін қатар алып жүрген суретшінің жүзге жуық жұмысы көрермен назарына ұсынылған. Автордың айтуынша, осы шығармаларды дүниеге әкелуге шамамен бес жыл уақыт кеткен.

       Көрмедегі туындылардың ерекшелігі – күнделікті өмір көріністерінің терең тарихи таныммен астасуында. Мәселен, қазақтың дастарқан басындағы жөн-жоралғылары мен тұрмыстық дәстүрлері мифологиялық бейнелер арқылы жаңаша сипат алған. Музейдің ғылыми қызметкері Санжар Сырғабаевтың пікірінше, суретші көне мифологиялық ұғымдарды бүгінгі тіршілікпен байланыстыра отырып, өзіндік көркемдік шешім тапқан.

       Ұлттық мұра мен заманауи өнердің үндестігін танытатын көрмені алматылықтар мен қала қонақтары 6 желтоқсанға дейін тамашалай алады. Бұл – қазақтың тамыры терең мәдениетін өнердің тың өрнегі арқылы қайта танып, дәстүрдің бүгінгі шығармашылықтағы орнын бағамдауға мүмкіндік беретін тағылымды кездесу.

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите