«Бернли» Англия Чемпионшипының төртінші турында өз алаңында «Мидлсбромен» тең түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

Фото: x.com/BurnleyOfficial
Бернлидегі «Терф Мур» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
23-минутта Эйден Моррис гол соғып, «Мидлсброны» алға шығарды. Ал 54-минутта Юго Рагубер алаң иелерінің таразы басын теңестіруіне көмектесті.
«Бернлидің» қазақстандық шабуылшысы Дастан Сәтпаев негізгі құрамда алаңға шығып, 80-минутта алмастырылды.
«Спорт Шредингера» Telegram арнасының мәліметінше, Дастан алаңда өткізген 80 минут ішінде қақпаға 2 рет соққы жасап, 18 пастың 17-сін дәл жеткізген. Сондай-ақ допқа 31 рет тиіп, 4 жекпе-жектің үшеуінде жеңіске жетті және бір рет допты сәтті тартып алды.
Дастан алаңнан жанкүйерлердің қошеметімен шықты.
Ойын қорытындысы бойынша Дастан Сәтпаев «Мидлсброға» қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы «Бернли» клубы да ресми парақшасында хабарлады.
Айта кетейік, Сәтпаевтың командасы әзірге чемпионатта жеңіске жете алмай келеді. «Бернли» екі рет тең түсіп, екі рет жеңілген.
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында төрт матч өткізді. Оның үшеуі Чемпионшипта, біреуі Англия лигасы кубогында өтті.
Бұған дейін «Бернли» клубы «Мидлсброға» қарсы матчтың афишасына Дастан Сәтпаевты таңдағаны хабарланған.
Ақпарат kaz.inform.kz сайтынан алынды.