Жапонияда өтетін Азия ойындарында Қазақстанның тасжолдағы велоспорттан ерлер құрамасы үш спортшымен сынға түседі. Құрама сапына Алексей Луценко, Евгений Фёдоров және Николя Винокуров енді.
Велошабандоздар 160 шақырымдық топтық жарыста бақ сынайды. Ал Алексей Луценко жекелей уақыт жарысына да қатысып, ел намысын қорғайды.
Жиырмасыншы жазғы Азия ойындары 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады. Ендеше, қазақстандық спортшыларға сәттілік тілейміз!