Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды

фото: malimsports.kz

       Будапештте (Венгрия) артистік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

       Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Еліміздің құрамасы әлем біріншілігінде екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Бұл нәтиже ұлттық құраманың медальдар кестесінде төртінші орын алуына мүмкіндік берді. 

       Жалпыкомандалық есепте Ресей құрамасы көш бастады. Оның еншісінде тоғыз алтын және бір қола медаль бар. 

       Екінші орынды Испания құрамасы иеленді. Испаниялық спортшылар екі алтын, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Қытай құрамасы бес күміс және екі қола медальмен үшінші орынға тұрақтады. Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова жұбы еркін бағдарламада екінші орын алды. Қазақстан құрамасы акробатикалық бағдарламада да күміс медаль жеңіп алды. 

       Виктор Друзин техникалық және еркін бағдарламаларда екі рет қола жүлдеге ие болды.

       https://24.kz/kz/

 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите