Жібек Құламбаева Нидерландыдағы турнирде жарыстың 1-ракеткасын жеңді

Жібек Құламбаева Нидерландыдағы турнирде жарыстың 1-ракеткасын жеңді

фото: https://inbusiness.kz

Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингіде 457-орындағы Жібек Құламбаева Гаага (Нидерланд) ITF W75 турнирінде сенсация жасады.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 170-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Нурия Бранкаччиоға тап келді. Қарсыластар осыған дейін өзара бір рет кездесіп, онда италиялық теннисші басым түскен.

Бұл жолы бірінші партияда Бранкаччио сәтті ойнады - 6:2. Дегенмен Жібек ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді - 6:1, 6:4.

Тартысты бәсеке 2 сағат 11 минутқа созылды. 

Жібек Құламбаева ширек финалға шығу үшін германиялық Жоэль Лилли-Софи Стойрмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдон турнирінде қарсыласын ойсырата ұтқан Заңғар Нұрланұлының үшінші айналымға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Соня Жиенбаева Португалиядағы жарыстың ширек финалына өтті.

https://kaz.inform.kz/

 

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите