Жазда 3 млн-нан астам бала демалады

Жазда 3 млн-нан астам бала демалады

фото: https://pixabay.com

       Оқу-ағарту министрлігі балалардың қауіпсіз, сапалы әрі мазмұнды жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша кешенді жұмысты жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

       2026 жылы жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен 3 миллионнан астам баланы қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде 600 мыңға жуығы – әлеуметтік осал санаттағы балалар.

       Жазғы демалысты ұйымдастыру кезінде білім беру және тәрбиелік бағдарламалардың мазмұнына ерекше көңіл бөлінеді. Олар «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы, «Заң және тәртіп» бастамасы, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында жүзеге асырылатын «Жасыл сабақтар» жобасы шеңберінде іске асырылып жатыр.

       Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.

       Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балаларды қабылдайтын сауықтыру ұйымдарына қойылатын талаптар кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр. Осы бағыттағы маңызды шешімдердің бірі – жыл бойы және маусымдық жұмыс істейтін білім беру-сауықтыру орталықтарына бірыңғай лицензиялық талаптардың енгізілуі.

       Лицензиялық талаптар санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың, өрт және терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарының сақталуын, қауіпсіздік жүйелерінің болуын, материалдық-техникалық базаның белгіленген стандарттарға сәйкестігін, бекітілген білім беру-сауықтыру бағдарламаларының болуын, сондай-ақ білікті педагогикалық және медициналық кадрлармен қамтамасыз етілуін қамтиды.

       Бүгінгі таңда 45 орталық лицензия алды. Тағы 60-тан астам өтінім білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттердің қарауында.

       Лицензиялау тетігі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, білім беру-сауықтыру орталықтарының қызметіне бірыңғай талаптар қалыптастыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

       https://kaz.inform.kz/



 

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите