Жыл басынан бері 432 тұрғын жаңа пәтерге қоныстанды.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тұрғын үйді реновациялау бағдарламасының іске асырылу барысына арналған кеңес өткізді.
Қазіргі уақытта қалада тұрғын үйді жаңарту бойынша 35 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жыл басынан бері ескі үйлердің 432 меншік иесі жаңа пәтерге қоныстанса, жыл соңына дейін тағы 1 165 тұрғынды жаңа баспанаға көшіру жоспарланған.
Кеңесте реновация жобаларының орындалу қарқыны талқыланды. Тұрғын үйлерді сатып алу және заңдық рәсімдерге байланысты қиындықтарға қарамастан, бірқатар нысанда жұмыстардың баяу жүргізіліп жатқаны айтылды.
Осыған байланысты қала әкімі әрбір жобаға қосымша талдау жүргізуді және өз міндеттемелерін орындамай отырған компанияларға қатысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Жиында сондай-ақ кварталдарды кешенді дамыту мәселесі қаралды. Бұл тәсіл тұрғын аудандардың жайлылығын арттырып, заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға және Алматының сәулеттік келбетін сақтауға мүмкіндік береді.
https://inbusiness.kz/kz