Қазақстан құрамасы бокстан Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы бокстан Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды

фото: instagram.com/boxingkazakhstan/tengrisport.kz

Бокстан Қазақстанның U-15 құрамасы 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды. Бұл  туралы "Сапалы Қазақстан" порталы tengrisport.kz сайтына сілтеме жасап  хабарлайды. 

U-15 құрамасы иеленген 24 марапаттың 10-ы ұлдар командасы еншісінде. Медальдардың ішінде 5 алтын, 3 күміс және 2 қола бар.

U-15 ұлдар құрамасының медальдары

Алтын

  • Бейбарыс Қойшыбай – 43 келіге дейін;
  • Нұрислам Бақтыбаев – 55 келіге дейін;
  • Рауан Тоғызбай – 61 келіге дейін;
  • Аманжан Жанай – 67 келіге дейін;
  • Аян Бауыржан – 70 келіге дейін.

Күміс

  • Саят Рахымберді – 33 келіге дейін;
  • Жақсылық Ермекұлы – 35 келіге дейін;
  • Айбын Мәжит – 70 келіден жоғары.

Қола

  • Сұлтанғали Нұрмахан – 37 келіге дейін;
  • Дінмұхамед Молдахан – 64 келіге дейін.

U-15 қыздар құрамасы 14 медаль иеленді, оның ішінде 2 алтын, 5 күміс және 7 қола марапат бар.

U-15 қыздар құрамасының медальдары

Алтын

  • Самал Төлепберген – 52 келіге дейін;
  • Нұргүл Сахи – 67 келіге дейін.

Күміс

  • Нұржанат Бекназар – 37 келіге дейін;
  • Сабрина Әділханова – 46 келіге дейін;
  • Аруна Шалман – 55 келіге дейін;
  • Айару Файзуллаева – 61 келіге дейін;
  • Көркем Ғалым – 70 келіден жоғары.

Қола

  • Аяжан Марат – 33 келіге дейін;
  • Айша Насанова – 35 келіге дейін;
  • Диана Мендіғараева – 40 келіге дейін;
  • Сезім Нұрлыбек – 43 келіге дейін;
  • Ардақ Әбдіхан – 58 келіге дейін;
  • Ясмин Джаутханова – 64 келіге дейін;
  • Еркеназ Ерболқызы – 70 келіге дейін.

Осы нәтиженің арқасында Қазақстанның U-15 құрамасы жалпы медальдық есепте үшінші орынға ие болып, көшбасшылардан бар болғаны 3 медальға қалып қойды.

Еске сала кетейік, Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан 15 пен 17 жас аралығындағы спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты бүгін, 15 мамырда аяқталады.

Турнирдің соңғы күнінде 17 жасқа дейінгі санаттағы финалдық кездесулер өтеді. Қазақстанның U-17 құрамасынан шаршы алаңға 11 боксшы шығады: 5 қыз және 6 ұл.

Подписаться