Мәдени эвакуация

Мәдени эвакуация

фото: Әбілхан Қастеев атындағы ұлттық өнер музейі

Оксана Танскаяның «Мәдени эвакуация» атты авторлық дәрісіне шақырамыз. Іс-шара Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.

Дәріс барысында Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Алматы қаласының тарихы сөз болады. 

Сол жылдары Алматы бүкілодақтық тылға айналып, эвакуацияның ірі орталығы ретінде қарқынды дамып, нағыз «мәдени төңкерісті» бастан өткерді.

Дәріс барысында:

• «ауыл қалайша астанаға айналды» деген сұраққа жауап іздейміз;

• Алматыдағы «сұр квартал» мен Бродвейдің орналасуын анықтаймыз;

• ⁠соғыс жылдары қаламыз неліктен «Кеңестік Голливуд» аталғанын білеміз;

• Мосфильм және Ленфильм студиялары түсірген фильмдерді еске аламыз;

• Мәскеу мен Ленинградтан келген зиялы қауым өкілдері тұрған үйлер туралы сөз қозғаймыз;

• М. Әуезов, С. Эйзенштейн, М. Зощенко, Л. Орлова, Ю. Домбровский, М. Зверев, Ғ. Мүсірепов сынды мәдениет қайраткерлері жайлы әңгімелесеміз.

8 мамыр, сағат 14:00

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің конференц-залында өтеді. Дәріс орыс тілінде.

Подписаться