Бүгін 5 мамыр күні кешкі сағат алтыда Жаркент қаласындағы Аудандық мәдениет үйінде Қазақстанның халық әртісі, әнші, композитор Дәнеш Рақышевтің 100 жылдығына арналған «Ән-күй керуені Жаркентте» атты салтанатты концерт ұйымдастырылады.
Кеш шымылдығын еліміздің танымал өнерпаздары ҚР халық әртісі Рамазан Стамғазы, «Құрмет» орденінің иегері Талғат Мұқыш, ҚР мәдениет қайраткері Мұрат Әбуғазы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейісов түрмек.
Сондай-ақ мәдениет саласының үздіктері Шолпан Даржан, Саят Ақбасов, Армат Исмагамбетов және өзге де өнер иелері сахна төрінен көрінеді.
Бұдан бөлек, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары да көрерменге әсем ән мен күмбірлі күй сыйлайды.