Үш әлем - бір үн

Үш әлем - бір үн

фото: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі

2026 жылдың 10 сәуір күні, сағат 14.00 де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде ҚР Суретшілер одағының мүшелері,  ҚР Мәдениет саласының үздіктері, көркемөнер саласының лауреаттары, елімізге танымал үш суретші – К. Оңғарова, Г. Джураева және А. Қырықбаева шығармашылығын тоғыстырған «ҮШ ӘЛЕМ – БІР ҮН» атты бірлескен шығармашылық көрмесінің ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ өтеді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар заманауи бейнелеу өнерінің даму бағыттары, үш суретшінің шығармашылық ерекшеліктері мен олардың өнердегі өзіндік қолтаңбасы төңірегінде пікір алмасады. Сондай-ақ ұлттық және заманауи көркемдік үрдістердің сабақтастығы, авторлардың идеялық ізденістері мен көркемдік шешімдері кеңінен талқыланады.

Іс-шара еркін форматта өтіп, қатысушыларға сұрақ қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік беріледі. Бұл кездесу жас суретшілер мен өнертанушылар үшін тәжірибе алмасудың, шығармашылық шабыт алудың маңызды алаңы болмақ.

Барша өнер сүйер қауымды аталған мәдени шараға белсенді қатысуға шақырамыз!

Ұйымдастырушы, көрме жетекшісі: Жуваниязова Гүлнар Қуандыққызы

 

 

Подписаться