Рухани шексіздік. Шығармашылық көрме

Рухани шексіздік. Шығармашылық көрме

фото: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі

2026 жылдың 7 сәуір күні, сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында ҚР Жас суретшілер одағының мүшесі, Алматының 1000 жылдығына арналған Жібек жолы атты байқауының Гран-при иегері, Үзік педагог жеңімпазы, суретші Беркимбаева Шолпанның «РУХАНИ ШЕКСІЗДІК» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылады, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.

Экспозицияда суретшінің 50-ден астам көркем туындылары ұсынылған.

Суреші Беркімбаева Шолпанның «Рухани шексіздік» атты жеке шығармашылық көрмесі – автордың ішкі жан дүниесін, ұлттық болмыс пен адам рухының тереңдігін бейнелейтін әртүрлі жанрдағы көркем кеңістік.

Көрмеде туындылар бояулар үндестігі арқылы сыр шерте, адам мен қоғам, өткен мен бүгін, материалдық және рухани әлем арасындағы үйлесімді іздеуге үндейді. Экспозиция әрбір келушіні өзінің ішкі дүниесімен сырласуға, ұлттық тамырын тануға және рухани құндылықтарды жаңаша бағалауға шақырады.

Экспозицияда автор балалық шақ тақырыбына ерекше мән береді. 

Балалық кезең – тазалық пен шынайылықтың бастауы ретінде суретшінің туындыларында нәзік бояулармен, жылы көңіл-күймен көрініс табады. Бұл жұмыстарда өткенге деген сағыныш пен адамның рухани қалыптасуының іргетасы ретінде балалықтың маңызы айқын сезіледі. Уақыт пен жады тақырыбы да астарлы түрде өріліп, көрерменді өз өмір жолына үңілуге жетелейді.

Суретші дәстүрлі дүниетанымды, тұрмыс-салттың руханилығын заманауи көркемдік тілде сөйлетеді. 

Әрбір шығармада өткен мен бүгіннің ақиқаты, ұлттық код пен заманауи эстетиканың үйлесім көрерменге ой тастайды. Сонымен қатар натюрморт жанрындағы жұмыстарда суретші қарапайым тұрмыстық заттар символдық мәнге ие болып, өмірдің өткіншілігі, уақыттың ізі, адам мен зат арасындағы байланыс секілді философиялық ойларға жетелейді. Суретші түстер мен жарық-көлеңке арқылы заттардың ішкі «тынысын» да аңғартады.  

Суретші Беркимбаева Шолпан Бақытқызы 26.03.1990 жылы Қызылорда обылысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2018 жылы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы магистратурасын бітірді. 2012 жылы Алматы қаласы                        О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің арнайы пән оқытушысы. 2015 жылы ҚР Жас суретшілер одағының мүшесі. 2022 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 2023 жылы Үздік педагог конкурсының жеңімпазы. 2018 жылдан бастан халықаралық, республикалық көрмелерге қатысып келеді.

 

Көрме мамыр айының 5 не дейін

 Көрме жетекшілері:

Жувагниязова Гүлнар Қуандыққызы - ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Өнертану магистрі, Музей педагогикасы және экскурсиялық қызметі бөлімінің жетекшісі.          

Подписаться