Қазақстандық үстел теннисі шеберлері, ағайынды Дастан мен Айдос Кенжіғұлов Аустрия кубогында жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Айдос Кенжіғұлов кубок иегері «Штоккерау» клубының құрамында өнер көрсетеді. Оның командасы финалда «Вельс» командасын 3:1 есебімен жеңіп, турнир тарихында төртінші рет жүлдегер атанып отыр.
Айдос финалдық кездесуде бір матч өткізіп, қарсыласын 3:0 есебімен қапы қалдырды.
Дастан Кенжіғұлов «Баден» клубының құрамында жарысқа қатысып, турнирдің қола жүлдесін алды. Осылайша, екі ағайынды қазақстандық спортшы да Аустрия кубогында жүлделі орындарға ие болды.
https://kaz.inform.kz/