WhatsApp

Қазақстандық конькиші әлем чемпионатында рекорд орнатты

Қазақстандық конькиші әлем чемпионатында рекорд орнатты
фото: sportilinet.kz

       Нидерландының Херенвен қаласында конькимен жүгіруден классикалық көпсайыс бойынша әлем чемпионаты өтті. Қазақстан атынан жарысқа қазақстандық спортшы Надежда Морозова қатысты.

       Турнирге барлығы 24 спортшы қатысып, олардың тек үздік сегізі ғана 5000 метр қашықтыққа жолдама алды. Сол сегіз спортшының қатарында қазақстандық Надежда Морозова да болды.

       Соңғы қашықтықта ол өзінің жеке рекордын жаңартып, 7 минут 2,3 секунд нәтижесін көрсетті. Көпсайыс қорытындысы бойынша Морозова жетінші орынға тұрақтады.

       Әлем чемпионы атағын норвегиялық Рагне Виклунд жеңіп алды. Күміс жүлде нидерландиялық Марийке Греневудке бұйырса, қола медаль жапониялық Михо Такагиге табысталды.

       Айта кетейік, Михо Такаги мен чехиялық Мартина Сабликова кәсіби спорттағы мансаптарын аяқтағандарын жариялады.

       Ал ерлер арасындағы классикалық көпсайыс бойынша әлем чемпионатына Қазақстан спортшылары қатысқан жоқ. Бұл сында норвегиялық Сандер Эйтрем чемпион атанса, күміс жүлдені чехиялық Методей Йилек, ал қола медальді поляк Владимир Семирунний жеңіп алды.

       https://adyrna.kz