фото: https://kznews.kz
Қазақстанның 1-ші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Майами (АҚШ) WTA 1 000 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Отандасымыз төртінші айналымда әлемдік рейтингіде 68-орындағы аустралиялық, 21 жастағы Талия Гибсонмен алаңға шықты.
Бұл қос спортшының өзара алғашқы кездесуі еді. Соңғы кезде ерекше жарқырай көрінген Талия Гибсон осы Майами додасының барысында ТОП-20-ға кіретін жапониялық Наоми Осака мен америкалық Ива Йовичті ұтып, сенсация жасаған еді.
Бірінші партияда Елена қос брейкке қол жеткізді – 6:2. Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Рыбакина тағы да брейкпен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:2. Ақыры матчты эйспен түйіндеді – 6:2.
1 сағат 5 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Гибсон 1 эйс жасағанымен, 1 брейк-пойнтты пайдалана алмады.
Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен таласады. Ол төртінші айналымда рейтингіде 36-сатыдағы румыниялық Жаклин Кристианды жолдан тайдырды – 6:4, 6:1.
Е. Рыбакина осының алдында Индиан-Уэллс (АҚШ) мастерс жарысының ширек финалында Д. Пегуланы 6:1, 7:6 (7:4) есебімен жеңген еді.
https://inbusiness.kz/kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через