фото: pixabay.com
Балалардың ұялы телефондарының SIM-карталарын тіркеу тетігі енгізіледі.
Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің жауабында айтылған, деп жазды kaz.inform.kz.
— 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасында балалар қауіпсіздігіне байланысты бірқатар маңызды шара қарастырылған. Оның ішінде интернет желіде балалардың қауіпсіз қосылуын қамтамасыз ететін балалардың SIM-карталарын тіркеу тетігін енгізу жоспарланып отыр. Мұндай SIM-карталар Интернет-трафик пен мобильді қосымшаларға қолжетімділікті шектеуге, контентті сүзгілеуге, уақыттық шектеулер орнатуға, тек алдын ала бекітілген контактілермен ғана қарым-қатынас жасауға және бақылауға мүмкіндік береді, — деді ол вице-премьер.
Оның атап өтуінше, ата-ананың бақылау функциясы қазіргідей өз еркімен ерікті түрде емес, ата-аналар үшін міндетті бақылау ретінде енгізіледі.
— Ата-ана тарапынан болатын тұрақты бақылау функцияларын реттеу баланың орналасқан жерін қадағалап отыруды және желідегі ықтимал қауіпті әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді. Интернет желісінде онлайн-платформаларды, оның ішінде ойын платформаларын пайдалану кезінде балалардың ақпараттық, психологиялық және әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Үкіметтің тұрақты бақылауында, — деді Жаслан Мәдиев.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через