Ұялы телефондардың SIM-картасын тіркеу тетігі енгізіледі

Ұялы телефондардың SIM-картасын тіркеу тетігі енгізіледі
фото: pixabay.com

Балалардың ұялы телефондарының SIM-карталарын тіркеу тетігі енгізіледі. 

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің жауабында айтылған, деп жазды kaz.inform.kz. 

— 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасында балалар қауіпсіздігіне байланысты бірқатар маңызды шара қарастырылған. Оның ішінде интернет желіде балалардың қауіпсіз қосылуын қамтамасыз ететін балалардың SIM-карталарын тіркеу тетігін енгізу жоспарланып отыр. Мұндай SIM-карталар Интернет-трафик пен мобильді қосымшаларға қолжетімділікті шектеуге, контентті сүзгілеуге, уақыттық шектеулер орнатуға, тек алдын ала бекітілген контактілермен ғана қарым-қатынас жасауға және бақылауға мүмкіндік береді, — деді ол вице-премьер.

Оның атап өтуінше, ата-ананың бақылау функциясы қазіргідей өз еркімен ерікті түрде емес, ата-аналар үшін міндетті бақылау ретінде енгізіледі.

— Ата-ана тарапынан болатын тұрақты бақылау функцияларын реттеу баланың орналасқан жерін қадағалап отыруды және желідегі ықтимал қауіпті әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді. Интернет желісінде онлайн-платформаларды, оның ішінде ойын платформаларын пайдалану кезінде балалардың ақпараттық, психологиялық және әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Үкіметтің тұрақты бақылауында, — деді Жаслан Мәдиев.