Қытайдың Ресейден шарап импорты қазан айында үш есе өсті – 92,2 мың долларға дейін жетті,-деп хабарлайды «Сапалы Қазақстан» порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Жыл басынан бері ҚХР Ресейден 367,7 мың долларға шарап импорттады. Қазан айында Қытайға ең ірі шарап экспорттаушысы Австралия болды. Ол елге 54,8 миллион доллар өнім жеткізді. Жеткізу бойынша екінші орында Франция тұр, оның елі 34,2 миллион доллар сатып алды. Жеткізілім бойынша көшбасшылардың үштігін Чили жабады. Бұл елден Қытай 8 миллион долларға жуық шарап импорттады.