Еуропа ғарыш кеңістігін қоқыстан тазартатын аппарат жасайды

Еуропа ғарыш кеңістігін қоқыстан тазартатын аппарат жасайды

фото: Bild

Құны 102 миллион еуродан асатын келісімшартты халықаралық консорциумды басқаратын Германияның OHB компаниясы жеңіп алды.

ClearSpace-1 миссиясын 2030 жылы ұшыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Сапалы Қазақстан» портал inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) орбитадағы қызмет мерзімі аяқталған ғарыш аппараттарын ұстап, орбитадан шығаруға арналған жерсерік әзірлеуге тапсырыс берді.

Алғашқы нысана 2001 жылы ESA ұшырған PROBA-1 жерсерігі болады. Арнайы аппарат оған өздігінен жақындап, оптикалық және радиожиілік датчиктерінің көмегімен орналасуы мен айналу бағытын анықтайды. Одан кейін 4 роботтандырылған манипулятор арқылы жерсерікті қармап ұстайды. Осыдан соң екі аппарат та Жер атмосферасына еніп, жанып кетуге тиіс.

Бұл – Еуропадағы орбитадан ірі нысандарды шығаруға бағытталған алғашқы миссиялардың бірі. Қарапайым жерсеріктерден ерекшелігі – PROBA-1 басқа аппаратпен түйісуге және онымен өзара әрекеттесуге арналмаған. Сондықтан, ғарыш қоқысын тазартатын аппараттың навигациясы мен нысанды қармау операциялары дерлік толығымен автономды түрде орындалуы керек.

Ғарыш қоқысын тазарту қажеттілігі орбитадағы қалдықтар санының артуына байланысты күшейіп келеді. ESA мәліметінше, қазір орбитада 47 мыңнан астам нысан тұрақты бақылауға алынған. Мұнан бөлек, Жерді айнала қозғалып жүрген көлемі 1-ден 10 сантиметрге дейінгі шамамен 1,5 миллион бөлшек болуы мүмкін.

Тіпті, ұсақ сынықтардың өзі қозғалыс жылдамдығының жоғарылығына байланысты қауіпті. Олар жұмыс істеп тұрған жерсеріктерге зақым келтіруі мүмкін.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз