фото: https://pixabay.com/ru/
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі – қазіргі заманғы қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Өйткені адам денсаулығын сақтау мен генетикалық қорды қорғау тікелей тамақ өнімдерінің сапасына байланысты.
Қазіргі таңда тағамның қауіпсіздігіне қатысты негізгі бағыттар: өнім сапасына, ас қорыту жүйесіне әсеріне, биологиялық қоспалардың құрамына мониторинг жүргізу, сондай-ақ сақтау мерзімі мен өнімді айналымға енгізу мәселелерін қадағалау.
Қазақстан Республикасының Кеден одағы аясында қабылданған «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті келесі мәселелерді реттейді:
1. Техникалық реттеу объектілерін анықтау;
2. Техникалық реттеу объектілеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілеу;
3. Техникалық реттеу объектілерін сәйкестендіру ережелерін анықтау;
4. Техникалық реттеу объектілерінің осы регламент талаптарына сәйкестігін бағалау нысандары мен рәсімдерін бекіту.
Бұл регламент адам өмірін, денсаулығын, дүние мүлікті және қоршаған ортаны қорғауға, сонымен қатар тұтынушыларды жаңылыстыру әрекеттерінен сақтауға бағытталған. Кеден одағының басқа техникалық регламенттері белгілейтін тағам өнімдерінің жекелеген түрлеріне қойылатын талаптар осы регламент талаптарын өзгерте алмайды.
Тамақ өнімін таңбалау да маңызды рөл атқарады. Ол Кеден одағының техникалық регламенттері мен өнім түріне қатысты талаптарға сай болуы тиіс. Егер өнім Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында айналымға шықса, ол бірыңғай сәйкестік белгісімен таңбалануы қажет.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын негізгі талаптар:
• Өнім өзінің жарамдылық мерзімі ішінде қауіпсіз болуы тиіс;
• Айналымдағы тағамдарда адам мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін инфекциялық және паразитарлық ауру қоздырғыштарының болуына жол берілмейді;
• Өнімнің жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарын дайындаушы белгілейді.
Қорыта айтқанда, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі – адам өмірінде аса маңызды мәселе. Сондықтан бұл бағыттағы талаптар әрқашан жоғары деңгейде қойылып, қатаң бақылауға алынуы тиіс.
Алматы қаласы, Түрксіб ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мусаева Анель Берікбайқызы.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через