Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 10 ақпандағы жарыс кестесі

Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 10 ақпандағы жарыс кестесі
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/ValeriiEvlakhov

       10 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының төртінші жарыс күні басталды.

       Бүгін 18 қазақстандық спортшы алты спорт түрінен жарыс жолына шығады.

       Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

       13:15 – шаңғы жарысы, спринт (ерлер мен әйелдер)
Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков.

       14:30 – шорт-трек 500 м (әйелдер, іріктеу), 1000 м (ерлер, іріктеу), аралас эстафета (алдын ала кезең). Қатысушылар: Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Ольга Тихонова.

       15:15 – фристайл-могул, алғашқы іріктеу (ерлер)
Қатысушы: Павел Колмаков.

       17:30 – биатлон, жекелей жарыс (ерлер)
Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов.

       18:15 – фристайл-могул, алғашқы іріктеу (әйелдер)
Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова.

       22:30 – мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама (ерлер)
Қатысушы: Михаил Шайдоров.

       https://kaz.inform.kz/