Мүсінші Бақытжан Әбішевтің «Бейнелердегі мұра» атты еске алу көрмесі ашылды

Мүсінші Бақытжан Әбішевтің «Бейнелердегі мұра» атты еске алу көрмесі ашылды
фото: Standard.kz

       Алматыда Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай Алматыдағы Almaty Gallery көрме залында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, профессор, мүсінші Бақытжан Әбішевтің «Бейнелердегі мұра» атты еске алу көрмесі ашылды.

      

              Фото: Standard.kz      

       Көрме экспозициясына қырыққа жуық станоктық мүсін, фотосуреттер мен монументалды шығармалардың үлгілері қойылған. Шебер қолтаңбасында қазақ тарихындағы ірі тұлғалардың бейнесі терең мінезімен, айқын болмысымен бедерленеді. Ұлттық батырлар мен мемлекет қайраткерлерінің келбетін сомдау арқылы ол тарихи жадты жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосты.

              Фото: Standard.kz   

       Бақытжан Әбішевтің туындылары еліміздің Астана, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында және шетелдерде бой көтерген. Ал «Олимпиадашы» композициясы Швейцарияның Лозанна қаласындағы Олимпиада музейінде сақтаулы.

              Фото: Standard.kz       

       70 жасында дүниеден озған шебер артында мол шығармашылық мұра қалдырды. «Бейнелердегі мұра» көрмесі – сол асыл қазынаны бүгінгі ұрпақпен қайта қауыштырған тағылымды мәдени оқиға.