Илон Масктің байлығы 852 миллиард доллардан асты

Илон Масктің байлығы 852 миллиард доллардан асты
фото: pixabay.com

Илон Маск кезекті рекордын жаңартты. Америкалық кәсіпкердің байлығы 852 миллиард доллардан асты. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мұндай байлық тарихта ешкімде болмаған. Соңғы төрт айда бұл Масктің төрт рет рекорд жаңартуы. 

Масктың байлығы оның SpaceX пен xAI компанияларының бірігуінен кейін күрт артқан. Біріккен компанияның құны 1 триллион 250 миллиард доллар деп бағаланды. 

Аталған келісім кәсіпкердің таза байлығын 84 миллиард долларға арттырған. 

Қазіргі таңда SpaceX — Илон Масктың ең қымбат активі саналады. Компанияның нарықтағы құны 542 миллиард доллардан асады. 

Сонымен қатар, ол Tesla компаниясының 12 пайыз үлесіне ие. Forbes мәліметінше, Масктың әлемдегі алғашқы триллионер атанатын күні алыс емес.