Еуропаны демографиялық дағдарыс күтіп тұр ма

Еуропаны демографиялық дағдарыс күтіп тұр ма

фото: qaz.ulysmedia.kz

       Еуропа елдерін демографиялық ахуалға қатысты алаңдатарлық үрдіс толғандырып отыр. Құрлықта дүниеге келетін сәбилер саны азайып, бала туу көрсеткіші соңғы жиырма жылдан астам уақыттағы ең төменгі деңгейге түскен. Бұл – халықтың табиғи өсімі мен болашақтағы демографиялық тұрақтылыққа тікелей әсер ететін маңызды мәселе.

       Eurostat мәліметінше, 2024 жылы Еуропалық одақ елдерінде 3,55 миллион бала дүниеге келген. Алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл 120 мыңға жуық сәбиге аз. Бір әйелге шаққандағы орташа туу көрсеткіші де 1,38-ден 1,34-ке дейін төмендеген. Мұндай деңгей 2001 жылдан бері тіркелмеген.

       Еуропа мемлекеттеріндегі демографиялық жағдай біркелкі емес. Болгария, Франция және Словенияда бала туу көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғары болса, Мальта, Испания мен Литвада ең төменгі деңгей байқалады. Дегенмен бірде-бір елде халық санын табиғи жолмен тұрақты сақтауға қажетті межеге қол жеткізілмеген. Мамандар бұл үшін бір әйелге шаққанда орта есеппен 2,1 бала дүниеге келуі керектігін айтады.

       Тағы бір назар аударарлық жайт – Еуропада әйелдердің ана атану жасы ұлғайып келеді. 2024 жылы алғашқы сәбиін дүниеге әкелген аналардың орташа жасы 29,9-ды құраған. Италияда бұл көрсеткіш 31,9 жасқа жетсе, Болгарияда 26,9 жасты көрсеткен. Демек, бала туу көрсеткішінің төмендеуі тек статистикалық өзгеріс емес, қоғамдағы отбасылық өмір салты мен демографиялық үдерістердің де өзгеріп жатқанын аңғартады.

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите