25 сентября в Казахстане объявлен общенациональный траур

Аргентинада кедейлік шегінде өмір сүретіндер саны артты

Аргентинада кедейлік шегінде өмір сүретіндер саны артты

фото: ntdtv.ru

       Аргентинада 2026 жылдың алғашқы алты айында кедейлік деңгейі 28,2%-дан 32,3%-ға өсті. Бұл туралы елдің Ұлттық статистика және халық санағы институты жариялаған мәліметтерде айтылған.

       Зерттеу нәтижесіне сәйкес, кедейлік шегінен төмен өмір сүріп жатқан отбасының үлесі 24,4%-ға жеткен. Бұл топқа халықтың 32,3%-ы немесе шамамен 9,7 млн адам кіреді. Ал аса кедейлік шегінде қалғандардың үлесі 5,6% болса, олардың құрамындағы халықтың үлесі 7,5% болды.

       Статистика институты елдегі 31 қалалық агломерациядағы жағдайды зерттеген. Зерттеу бойынша кедейлік шегінен төмен өмір сүретін адамдар саны 9,7 млн-ға жеткен. 2025 жылдың соңында бұл көрсеткіш 8,5 млн адам болған.

       2025 жылдың қыркүйегінде Аргентина католик университетінің зерттеушілері кедейліктің төмендеу ауқымына күмән келтірген. Олар табыс туралы деректерді жинау әдістемесінің өзгергенін және негізгі тұтыну себетін есептеу кезінде 2004–2005 жылдардағы тұтыну құрылымына негізделген формуланың қолданылғанын атап өткен.

       https://kaz.inform.kz/

 

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите