Әрбір алтыншы бала семіздік дертіне шалдыққан

Әрбір алтыншы бала семіздік дертіне шалдыққан

фото: Сурет базадан алынды

Зиянды тағамдар жарнамасын шектеу және энергетикалық сусындарға тыйым салу бастамалары көтерілді

Қазақстанда балалар арасында артық салмақ, семіздік және эндокриндік аурулар көбейіп келеді. Өткен жылы эндокриндік аурулары, тамақтану және зат алмасу бұзылыстары бар 125,7 мыңға жуық бала медициналық есепте тұрған. Бір жылда олардың саны 20,6%-ға өскен. Бұл туралы Ranking.kz зерттеуінде айтылған,-деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.

World Obesity Federation ұйымының 2024 жылғы дерегіне сәйкес, Қазақстандағы балалардың 16,5%-ында артық салмақ бар, ал 6,5%-ы семіздікке шалдыққан. Ер балалар арасында артық салмақ көрсеткіші 19,6%, семіздік 7,2% болса, қыздар арасында бұл көрсеткіштер тиісінше 13,4% және 5,6%-ды құрайды.

"Әсіресе 15–17 жастағы жасөспірімдер арасында семіздікке байланысты аурушаңдық жоғары. 2025 жылы әр 100 мың жасөспірімге шаққанда 82,1 жағдай тіркелген. Бұл ересектер арасындағы көрсеткіштен екі есе көп", - деп жазды портал.

Өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіш 14 жасқа дейінгі балалар арасында Шығыс Қазақстан облысында тіркелген – 171,7 жағдай. Бұл республикалық орташа деңгейден бес есе жоғары. Маңғыстау облысында – 77,8, Шымкентте 64,8 жағдай болған.

Балалардың денсаулығына энергетикалық сусындарды тұтыну да әсер етуі мүмкін. "Қазақстан балалары" тұжырымдамасының дерегінше, жасөспірімдердің 42,6%-ы энергетикалық сусындар ішеді. Әрбір бесіншісі оларды апта сайын, ал 3%-ы күн сайын тұтынады.

Сонымен қатар соңғы бес жылда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қант диабеті 1,5 есе, ал 15–17 жастағы жасөспірімдер арасында 49,6%-ға өскен.

Осы мәселеге байланысты Денсаулық сақтау министрлігі құрамында тұз, қант және трансмай мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасын шектеу жөнінде заңнамалық ұсыныстар әзірлеген. Ал "Әкелер одағы" қоғамдық бірлестігі энергетикалық сусындарды өндіруге, әкелуге және сатуға толық тыйым салуды ұсынды.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите