фото: pixabay.com
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп жазды kaz.inform.kz.
Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Қарсыластар осыған дейін 14 рет кездесіп, соның сегізінде Соболенко жеңген еді. Соның ішінде белоруссиялық теннисші 2023 жылы Аустралия біріншілігінің финалында Е.Рыбакинаны қапы қалдырған еді. Дегенмен қазақстандық спортшы өткен жылы WTA қорытынды турнирінде А.Соболенконы ұтып, сонда жеңімпаз атанған болатын.
Бұл жолы Е.Рыбакина матчты сәтті бастады - 2:0. Бірінші сетте осы брейк жеткілікті болды - 6:4.
Екінші партияны Соболенко брейкпен түйіндеді - 6:4.
Үшінші, шешуші сетте Соболенко 3:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін Рыбакина қатарынан бес геймді алды - 5:3. Сосын матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ - 6:4.
Екі сағат 19 минутқа созылған тартысты бәседе Елена 6 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Арина 5 эйс, 2 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, Елена Рыбакина спорттық жолында екінші рет «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы атанды. Ол бұдан төрт жыл бұрын Уимблдонда үздік шыққан еді.
Тағы бір қазақстандық, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында финалға шыға алмады. Ол жартылай финалда америкалық Китон Хансқа жол берді – 3:6, 2:6.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через