фото: https://pixabay.com/
Биыл жарыс 1000 астам қатысушыны тоғыстырады
14 ақпанда "Бурабай" ұлттық паркінің аумағында дәстүрлі қалың мұз айдынында жүгіруден Burabay Ice 2026 жарысы өтеді, деп хабарлады "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы.
Қысқы маусымдағы бұл халықаралық фестиваль биылғы жылға арналған іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген.
"Биыл жарыс 1000 астам қатысушыны тоғыстырады. Тіркелгендер қатарында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен және Франция, Ұлыбритания, Венгрия, Канада, Ресей, Өзбекстан, Италия, Жапония, Жаңа Зеландия, Перу елдерінен туристер бар", - деп жазылған хабарламада.
Мұз айдынында белсенді өмір салтын ұстанатын әуесқойлар да, тәжірибелі спортшылар да жүгіре алады. Жарыс бірнеше қашықтық бойынша өтеді: 7, 14 және 21 шақырым.
Іс-шараны "Экстремальная Атлетика" ҚБ ұйымдастырады және жүгіру бағыты Бурабай көлінің тегіс мұз айдынында, биіктік айырмашылығы минималды жағдайда өтеді.
Комапния мәліметінше, бұл іс-шара Бурабай курортының көркем табиғатында демалыс күндерін өткізуге мүмкіндік беріп, өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через