фото: https://kaz.inform.kz/
Осы аптада Қазақстан кинотеатрларында шытырман оқиғаға толы шетелдік триллер көрерменге жол тартты. Комедия және драма элементтері бар драмедия жанрындағы отандық кинотуындылардың көрсетілімі басталды.
Аптадағы премьералар мен олардың қысқаша мазмұнын назарларыңызға ұсынамыз.
Брижит Бардо
Рейтинг: 10.0
Жанры: драма, романтикалық комедия
Ұзақтығы: 120 минут
Ел: Франция, 2025
Роже Вадимнің «Құдай әйелді жаратты» фильмі Брижит Бардоны әлемге әйгілі жұлдыз етті. Ол өз дәуірінің танымал тұлғасына айналды. Оның актерлік шеберлігі еуропалық кино саласында бұрын-соңды болмаған әйел еркіндігінің бейнесін ашты. Бардо Жан Габен, Ален Делон, Софи Лорен, Жан-Луи Трентиньян сынды әйгілі актерлермен бірге өнер көрсетті. Брижит Бардо ән салды, би биледі, киноға түсті. Еркіндік пен тәуелсіздіктің, тұтас Францияның символы саналды.
Ұлы Марти (Марти Великолепный)
Рейтинг: 10.0
Жанры: комедия, спорт
Ұзақтығы: 149 минут
Ел: АҚШ Финляндия, 2025
Режиссер: Джош Сэфди
Жас әрі өршіл Марти Маузер өз арманын жүзеге асыру жолында бәріне дайын. Ол бүкіл әлемге өзі үшін мүмкін емес ештеңе жоқ екенін дәлелдеуге бел буды.
Аңшылық маусым (Сезон охоты)
Рейтинг: 10.0
Жанры: детектив, драма, криминал, боевик, триллер
Ұзақтығы: 100 минут
Ел: АҚШ, 2025
Режиссер: Раджа Коллинз
Жалғызбасты әке мен оның жасөспірім қызы үй маңындағы өзен жағасынан белгісіз бір жанды тауып алады. Аты-жөні беймәлім қызды құтқарып, өз үйлерінде бірге тұруына рұқсат береді. Бірақ бұл жақсылықтың артында өздеріне үлкен қауіп төніп тұрғаның білмеді. Себебі бейтаныс бойжеткенді қатыгез есірткі бароны іздеп жүр.
Қызым
Жанры: комедиялық драма
Ұзақтығы: 101 минут
Ел: Қазақстан, 2025
Режиссер: Олжас Нұрбай
60 жастағы Ержан кезекті рет ауруханаға түскеннен кейін, оның үш қызы әкесіне жаңа жар табуға кіріседі. Алайда түрлі үміткерлермен өткен кездесулер отбасы ішіндегі жасырын сырларды ашады. Күтпеген шындықпен бетпе-бет келген кейіпкерлер бір-бірін қайта түсініп, бағалайды.
Крипер
Рейтинг: 8.0
Жанры: ужас
Ұзақтығы: 119 минут
Ел: АҚШ, Канада, 2025
Режиссер: Осгуд Перкинс
Малкольм демалыс күніне орай Лизді романтикалық кездесуге шақырады. Жігіт қызды ну орманның ортасында орналасқан өз үйіне алып келеді. Мұнан соң, Малкольм тосыннан түрлі мәселені сылтау етіп, шұғыл қалаға кетеді. Ал Лизи айналасы қап-қараңғы зәулім үйде жападан жалғыз қалады. Ол бұл жерден қашып кете алмайтының түсінеді. Әр минут сайын бойын қорқыныш билеп, жағдай ушыға түседі. Егер Лиз Малкольмның құпиясын ашпаса, ол мәңгілікке осында қалады.
https://kaz.inform.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через