Алматыда жаңа спорт нысандары салынбайды

Алматыда жаңа спорт нысандары салынбайды
фото: pixabay.com

2029 жылы қысқы Азия ойындарын өткізуге Алматыда жаңа спорт нысандары салынбайды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев мәлімдеді деп жазды kaz.inform.kz.

Оның айтуынша, қаланың қолданыстағы инфрақұрылымына мониторинг жүргізілді.

- Бұл нысандар халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді және Азия ойындары бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Азия ойындары үшін қосымша жаңа спорт нысандарын салу қажет емес. Бұған 2011 жылы қысқы Азия ойындарының және 2017 жылы 28-ші қысқы Универсиаданың өткізілуі дәлел бола алады, - деді Серік Жарасбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.