Алматыда экология талаптарын бақылауға дрондар қолданылуы мүмкін

Алматыда экология талаптарын бақылауға дрондар қолданылуы мүмкін
фото: https://pixabay.com/ru/users/trevor

       Қалада барлығы 19 стационарлық және 4 жылжымалы бекет жұмыс істейді.

       Алматыда "Eco Almaty" ЖШС экологиялық талаптардың орындалуын бақылайды.

       "Eco Almaty" ЖШС – бұл толығымен мемлекеттік ұйым. Оның мамандары экология, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және полиция департаменттеріне көмектесіп, экологиялық нормаларды бұзу фактілерін анықтайды.

Eco Almaty бақылау жасайтын бағыттар:

жеке және қоғамдық көліктер;

коммерциялық және коммуналдық техника;

жылжымалы және стационарлық шығарындылар көздері;

қалдықтарды полигондарда жағу;

пиротехникалық бұйымдарды қолдану.

       Ал заң бұзушылықтарды анықтау үшін стационарлық және жылжымалы экологиялық бекеттер пайдаланылады.

"Қалада барлығы 19 стационарлық және 4 жылжымалы бекет жұмыс істейді. Сонымен қатар көлік құралдарының шығарындыларындағы ластаушы заттардың шоғырлануын өлшейтін спектрометрлер, ал стационарлық шығарындылар көздерін бақылауға ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуы мүмкін", - дейді мамандар.

       Осы шаралардың арқасында қаладағы ауа сапасын тиімді бақылауға және экологиялық талаптардың бұзылуына жедел әрекет етуге мүмкіндік болады.

       https://sputnik.kz/