Алматыда қысқы Азия ойындары өтеді

Алматыда қысқы Азия ойындары өтеді
фото: pixabay.com

2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындары Алматы қаласында ұйымдастырылады. Бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) дүйсенбі күні мәлімдеді. 

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, алғашында аталған дода Сауд Арабиясында өтеді деп жоспарланған еді.

АОК пен Қазақстан тарапы бейсенбі күні Италияның Милан қаласында Қабылдаушы қала жөніндегі келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Азияның қысқы ойындарын өткізу құқығы Сауд Арабиясына 2022 жылы берілген.

Алайда өткен айда Сауд Арабиясының Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесінің бірлескен мәлімдемесінде жарыстың мерзімі белгісіз уақытқа шегерілгені хабарланған болатын.