Жеке табыс салығы 0%: Салықтан кімдер босатылады

Жеке табыс салығы 0%: Салықтан кімдер босатылады
фото: https://www.google.com/yandex.kz

       2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арнайы салық режимі енгізілді. Нәтижесінде аталған тұлғалар бұған дейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей жұмыс істесе, енді өзін-өзі жұмыспен қамтып, артық әкімшілік рәсімдерсіз заңды түрде еңбек етіп жатыр.Соңғы жылдары салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты дамыту елдің басты мемлекеттік басымдықтарының біріне айналды. Бұл бағытқа миллиондаған қаржы бөлінгенімен, басты сұрақ – өзгеріс нақты сезіле ме? Kazinform тілшісі халық денсаулығын нығайтуға бағытталған шаралардың тиімділігін сараптап, саланың қазіргі ахуалына үңілді.

      2026 жылдың алғашқы он күнінде 66 мың жеке тұлға өз қызметін заңдастырып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар ретінде жұмысын бастады. 

       2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арнайы салық режимі енгізілді. Нәтижесінде аталған тұлғалар бұған дейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей жұмыс істесе, енді өзін-өзі жұмыспен қамтып, артық әкімшілік рәсімдерсіз заңды түрде еңбек етіп жатыр.

Жаңа салық режимі мына азаматтарға арналған:

  • Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегендер;
  • Жалдамалы жұмысшыларды пайдаланбайтындар;
  • Үкіметтің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысатындар;
  • Ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен аспайтындар (2026 жылы — 1,3 миллион теңге).

Режимнің негізгі артықшылықтары:

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес;

Жеке табыс салығын төлемейді (ЖТС – 0%);

Әлеуметтік төлемдер бар болғаны табыстың 4%-ына тең
(МЗЖ – 1%, МЗЖЖ – 1%, әлеуметтік аударымдар – 1%, МӘМС – 1%);

Салық есебін тапсырудан босатылады;

Барлық чектер шығарылып, әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептелетін “e-Salyq Business” мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі;

Интернет платформалар арқылы жұмыс істеген жағдайда, чектер мен әлеуметтік төлемдер платформа операторы тарапынан автоматты түрде құралып, ұсталады және аударылады.

https://stan.kz/