Қазақстандық теннисші Александр Бублик тарихи межені бағындырды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик тарихи межені бағындырды
фото: https://www.google.com

       Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Гонконгтағы АТР 250 турнирінде топ жарды. Ол ақтық сында италиялық Лоренцо Музеттимен өзара мықтыны анықтады.

       Отандасымыз қатарынан екі сетте басымдық танытып, айтулы турнирдің жеңімпазы атанды.

       Александр Бублик бұл жетістігінің арқасында әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді.

       Айта кетейік, ерлер арасындағы (АТР) рейтингке алғаш рет қазақ теннисшісінің есімі еніп отыр.

       https://stan.kz/