Қазақстандық бірқатар футболшылардың құны жоғарылады

Қазақстандық бірқатар футболшылардың құны жоғарылады
фото: pixabay.com

Тransfermarkt порталы мәліметі бойынша қазақстандық бірқатар футболшылардың құны жоғарылады, деп жазды kaz.inform.kz.

Онда бір жыл бұрынғы және соңғы нарықтық құны ескерілген. Бұл бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек көш басында тұр. Жартылай қорғаушының нарықтық құны біршама өскені байқалып отыр.

 Футболшының құны бір жылда 375 мың еуродан 600 мың еуроға артты. Өсім көрсеткіші - 166 пайыз. Мамандар оны қазақстандық футбол үшін өте сирек кездесетін динамика ретінде бағалайды. 

Екінші орында тұрған Ресейдің «Ахмат» клубының шабуылшысы Максим Самородовтың бағасы 1,3 миллион еуродан 2,5 миллион еуроға дейін өсіп, 108 пайызға жетті. Үздік үштікті түйіндеген семейлік «Елімайдың» қорғаушысы Әділбек Жұмахановтың нарықтағы бағасы 250 мың еуродан 600 мың еуроға дейін көтеріліп, 71 пайызға өсті.

Сондай-ақ бұл тізімде жақында Шотландияның «Хартс» клубына ауысқан Ислам Чесноков, Дамир Қасабулат («Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Артур Шушеначев («Ақтөбе»). Александр Зуев («Тобыл»), Дастан Сәтпаев («Қайрат») бар.