фото: holzori.ru
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында жеке құрамға жаңа әлеуметтік бастаманың мазмұны таныстырылып, оны өңірлерде тиімді іске асыру жолдары талқыланды.
Жиында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы барлық күштік құрылымдардың әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері жылына бір рет ел аумағында жолаушылар пойызымен тегін жүре алатыны айтылды. Бастама әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартып, отбасымен бірге сапарлау мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілі Айнұр Базарбаеваның түсіндіруінше, тегін жол жүру құқығы тек Қазақстан ішіндегі бағыттарға қатынайтын жолаушылар пойыздарына қолданылады. Ал осы шығындар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қаражаты есебінен өтеледі.
Сондай-ақ кездесуде «ҚТЖ» АҚ тариф саясаты департаментінің директоры Диас Түсіпбеков жеңілдікті пайдалану тәртібіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, мүмкін болатын техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерге тоқталды.
Іс-шара соңында ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов бастаманың маңызын атап өтіп, жобаны іске асыру кезінде белгіленген талаптардың қатаң сақталуы қажет екенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл қолдау әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын күшейтіп, демалысты алдын ала жоспарлауға және жол шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
https://aqshamnews.kz/kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через