фото: mail.kz
Қазіргі таңда «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы пойызбен сапар шегетін азаматтарға арналған бірқатар ыңғайлы сервистерді ұсынып отыр. Соның бірі — пойыз қозғалысының онлайн-таблосы. Бұл сервис арқылы жолаушылар пойыздың нақты қай жерде екенін, келу және жүру уақытын алдын ала бақылап, сапарын тиімді жоспарлай алады.
Теміржол билеттерін компанияның ресми сайтынан тәулік бойы, комиссиясыз сатып алу мүмкіндігі бар. Электронды билет — уақыт үнемдеп, артық әурешіліктен арылтады.
Ал temirzholy.kz ресми сайтында пойыз кестесі, тарифтер, сапар ережелері мен жолаушыларға арналған барлық негізгі ақпарат бір жерге топтастырылған.
Сондай-ақ, 1433 нөмірі арқылы бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, жолға қатысты кез келген сұраққа жауап алуға болады. Қызмет сапасына байланысты ұсыныс пен пікірді WhatsApp арқылы жолдау мүмкіндігі де қарастырылған.
Ал сапардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға көмектесетін Darmen қосымшасы жол жағдайы мен ауа райын бақылауға мүмкіндік береді.
Қысқасы, теміржол қызметтері бүгінгі жолаушыға барынша қолайлы бола түсті.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через